Жаңалықтар
18.05.2017 ж. күні М.Б.Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектепте қалалық «Жас саясаткерлер» клубының жұмысы қорытындыланды.
Қорытынды әдеби-сазды кеш түрінде ұйымдастырылды. Кешті клуб жетекшісі Б.М.Абдолова мен клуб мүшелері жүргізді. Б.М.Абдолова жыл бойы өткен шараларға байланысты қатысқан мектептің клуб жетекшілері мен мүшелерін марапаттады. Сонымен бірге клуб мүшелері кешке арнайы дайындап келген өнерлерін ортаға салды. Кеш соңында клуб жетекшілері сөз алып, өз бағаларын беріп, келесі оқу жылының жұмыс жоспарларына өз ұсыныстарын білдірді.
03.05.2017ж Ұлы Жеңістің 72 жылдығына және ҚР ҚК құрылғанына 25 жыл толуына орай «Ән және сап» байқауы өткізілді.
03.05.2017ж Ұлы Жеңістің 72 жылдығына және ҚР ҚК құрылғанына 25 жыл толуына орай 6-8 сыныптар аралығында «Ән және сап» байқауы өткізілді. ҰОС ардагері Г.Ф.Шишонков, ҚР Қарулы Күштері ардагері, полковник Н.А.Дегтярев және Қалалық Қорғаныс істері басқармасының әскерге дейінгі даярлық бөлімінің бастығы сержант Р.С.Дүйсенгалиев қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 8 а сынып І орынды, 7б сыныбы ІІ, 8в сыныптары ІІІ орындарды иеленді. «Үздік капитан» номинациясымен 8в сынып оқушысы М.Қожамұрат марапатталды.
28.04.17ж «Әскери-потриоттық » спорттық шараға 10-11 сынып оқушылары мен мектептің жас мұғалімдері қатысты.
20-23 сәуір күндері облыстық-халықаралық баскетболдан 2003-2004 ж.т. және 2005-2006 ж.т. жас өспірімдер ұлдар мен қыздар арасында «Достық кубогі» ашық турнирі өтті.
21.04.2017ж Оқушылардың өз-өздерін тану, әлеуметтенуіне және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне жағдай жасау бағытында жыл бойы ұйымдастырылып келген жұмыстарынан мектепішілік әлеуметтік жобалар фестивалі өтті.
21.04.2017ж Оқушылардың өз-өздерін тану, әлеуметтенуіне және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне жағдай жасау бағытында жыл бойы ұйымдастырылып келген жұмыстарынан мектепішілік әлеуметтік жобалар фестивалі өтті.
14.04.2017Ж. «ОҚУ МЕН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМДАР: ІЗДЕНІС ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ.
14.04.2017ж. «Оқу мен оқытудағы жаңа қадамдар: ізденіс және тәжірибе» тақырыбында қалалық семинары өтті.
Семинардың мақсаты:
Білім сапасын көтеруде белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.