«Халқы ардақтаған азамат»
2019 жылдың 30 наурыз күні бетбақдаланы мәуелі баққа айналдырған, Сыр бойындағы ақ күрішке аттаныстың бастауында тұрған, Жайық жағалауының жүз жылғы жұтаң келбетін жаңғыртқан, халқына сіңірген еңбегі ел жадынан өшпейтін айтулы азамат Мұстақым Біләлұлы Ықсановтың 93 жыл толуына орай «Халқы ардақтаған азамат» атты салтанатты жиын өткізіліп, М.Б.Ықсановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
«Қош келдің әз Наурыз»
Мектебімізде 22 наруыз мерекесіне орай «Қош келдің әз Наурыз» тақырыбында шара өтті. Мерекелік шараға оқушылар, ата- аналар қатысып, салт- дәстүрлерімізден көріністер көрсетті. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, бәрімізге көтеріңкі көңіл- күй сыйлады.
«Мектеп аруы-2019»
Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт- дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында 8-10 сынып арулары арасында «Мектеп аруы-2019» байқауы өткізілді.
14 наурыз күні –Көрісу мерекесі
14 наурыз күні –Көрісу мерекесі. Мектебімізде осы мерекені ерекше атап өтті.