«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
Мектептің оқу-материалдық-техникалық базасын дамыту

Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында мектеп кітапханасында оқушылармен түрлі шаралар өткізілді. Шаралардың негізгі мақсаты оқушыларды кітап оқуға ынтасын арттыру.  Ең алдымен оқырмандарға  «Оқуға құштар мектеп» жобасы  түсіндіріліп, осы жоба аясында жаңадан келіп түскен кітаптарды таныстыру бағытында  «Жаңа кітаптар жаңалығы» атты библиофлэш өткізіліді.  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  «Классиканы оқып, жаратылыстануды тану» бастауыш сынып оқушыларына үзіліс кезінде бір мезетте ертегілер оқу акциясы ұйымдастырылды.

Мектептің кезекші сыныптары үзіліс кезінде бір мезетте ертегілерді оқып, өз түсініктерін айтып, бір сынып өздеріне ұнаған ертегі кейіпкерлерін қағаз беттеріне суреттесе, енді біреуі ермексаздан  мүсін жасады. Сонымен қатар бұл кітаптарды сыныпта оқып қана қоймай, үйлеріне алып оқып, ертегілердің маңызын зерттеп, қиялдады. Ертегілер арқылы қажетті дағдылар күнделікті өмірде қолдана білетіні айтылды. Шара мақсаты оқушылардың  ертегілер арқылы жалпы дамуға, рухани құндылықтарды бойына сіңіру, сол арқылы оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру. «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша оқу марафоны желтоқсан-тамыз айларында апта сайын сейсенбі-жұма күндері өткізіліп тұрады.

Білімнің  кітап арқылы берілетінін, адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы негізге ала отырып түрлі шаралар өткізіліп келеді. Соның бірі 7в сыныбына «Бір сынып бір кітап» атты кітап оқу акциясы аясында библиофлэш өткізілді. Шара оқырмандарды жаңа кітаптармен таныстырылуымен бастау алды. Әрі қарай оқушылар белгілі бір кітапты таңдап, оны оқи отырып, келесі сыныпқа жарнамалап челлендж өткізетін болады.

Сонымен қатар «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 7в сыныбына «Бір сынып  бір кітап» атты кітап оқу акция аясында әдеби кеш өткізілді. Шара оқырмандарды жаңа кітаптардың таныстырылуымен бастау алды.  Әрі қарай оқырмандар белгілі бір кітапты таңдап, оны оқи отырып, 7а,7б сыныптарға жарнамалап  челлендж өткізді. Жалпы шара мақсаты білімнің кітап арқылы берілетінін, адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру,  оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту болып табылады.

Сонымен бірге «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 7-9 сыныптар арасында кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру,  рухани мәдениетін көтеру мақсатында «Оқы және өзгеге ұсын!» атты буккроссинг акциясы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі идеясы – өзара кітаптар алмасу. «Буккроссинг» қоз¬ғалысы кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы ретінде іс-тәжірибеге енгізіліп отыр. Кез-келген адам оқыған қызықты кітаптарын буккроссинг сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөліседі.

Сонымен бірге оқушылардың оқу сауаттылғын көтеру мақсатында

«Оқуға құштар мектеп» жобасы барысымен 10  сынып оқушылары арасында кітап оқуды насихаттау үшін, рухани даму дағдысын қалыптастыру мақсатында  ұйымдастырылған REDх жобасы өтті.

Қатысушыларымыз жастарына сай шығармаларды оқып, қалың көпшілікке өз оқыған кітаптарымен бөлісті. Оқыған кітаптарын қызықтыра отырып жарнамалады. Тыңдаушыларға «Оқимын!» және  «Ойланамын!» дауыс беру карточкалары таратылып, спикерге кері байланыс берді.  Мұндай жоба әсіресе желілерде, компьютер мен теледидар алдында уақытты бос өткізбей, кітап оқуға шақырады.

Мектебімізде наурыз айында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп»  жобасы аясында «Әжемнің ертегілері»  ашық есік күні мен оқу марафоны өткізілді.

Марафон барысында әжелері немересі үшін мектепке келіп, жаңа кітаптармен танысып, немерелерімен бірге кітап оқып талқылады.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы «Анашым кітап оқып берші» акциясы

Мектебімізде «Отбасылық оқуды дамыту және балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттырудың тиімді жолдары»  атты оқу акциясы өтті. Шараның мақсаты балалармен жасөспірімдердің кітап оқу мәдениеті мен кітап оқу белсенділігін арттыру және отбасылық кітап оқудың дәстүрлерін қолдау.

Шара барысында ата-аналармен оқушылар үйде отырып бірге кітап оқудың түрлі жолдарын көрсетті.

 «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы «Әкеммен бірге оқимын» акциясы

Сонымен қатар «оқуға құштар мектеп» жобасы барысында «Әдеби Ақжайық» акциясы  аясында мектебімізде жергілікті ақындардың шығармаларын насихаттау бағынтында түрлі шаралар  ұйымдастырылды. Соның бірі 5аб сыныптарына Қадыр Мырза Әлінің өмірімен  шығармашылығын кеңінен таныстырылып, өлеңдері жатқа айтты.

Ал 6аб сыныптары Тайыр Жаровковтың  өмірін кеңінен танып, шығармашылығын бір сынып болып оқыды.

11 Сәуір күні 47 ЖОББМ «Бастау» қауымдастығы ұйымдастырған «Әдеби Ақжайық» жоасы аясында Тайыр Жароковтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.

17 мамыр күні «Оқуға құштар мектеп» жобасының «Барлық пәндер арқылы оқыту» бағыты бойынша «Классиканы оқып жаратылыстануды танимыз» атты  3а,б сынып оқушылармыен кітап оқу акциясы  өтті.

20 мамыр күні  « Әдеби Ақжайық» жобасы аясында «Зерделі жырдың зергері» атты жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әліге арналған поэзия кеші өтті.шараға 5а,5б сынып оқушылары және олардың ата-аналыры мен ұстаздары қатысты.шара барысында жерлес ақиық ақынымыз Қадыр Мырза Әлінің өмірімен шығармашылық жолына тоқталып, «Туған жер алтын бесік», «бәріде ана бір өзіңнен басталды», «Ауылым», «Шындық», өлеңдерін оқушылар мәнерлеп оқыды. Ақынға арналған «Жерлес ақын жырлайды» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Кеш соңы ақын сөзіне жазылған «Атамекен» әнімен аяқталды.

Биылғы «Бір ел бір кітап» акциясы аясында таңдалған қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы, ғалым, ағартушы педагог, қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлт ұстазына тағзым» атты әдеби сағат өтті. Іс шара мектебіміздің 7 сынып оқушылары арасында өтті.Шара барысында кітапханашы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы таныстырылып, оқушыларға А.Байтұрсынұылының нақыл сөздерін оқып оның мағынасы түсіндірілді. Сонымен қатар оқырмандарға «Қазақтың рухани көсемі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Жалпы шараның негізгі мақсаты ақын өмірін үлгі ете отырып, жастардың бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отнсүйгіштік қасиеттерін дарыту болып табылады.