«Аттастар мен тегі бірдейлер»
«Бала болашағы-ортақ іс» тақырыбында өткен ашық есік күндері апталығында «Мейірім» аналар және «Қыз Жібек» қыздар клубының мүшелерінің қатысуымен «28 ілмек» акциясы, мектеп кітапханашы А.Сұлтанованың ұйымдастыруымен «BOOKCROSSING» акциясы, «Жас Ұлан» БЖҰның ұйымдастыруымен «Аттастар мен тегі бірдейлер» акциялары оздырылды.
«Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік»
Ашық есік күндерінің соңы «Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік» тақырыбымен Тәуелсіздік күні шараларына жалғасты.
«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»
Ашық есік күндері апталығының 4 күні «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбымен тамақтану мәдениеті, тиімді тамақтануға арналды. Бұл күні 5,6 сыныптарда ата-аналардың ұйымдастыруымен танымдық сағаттар, тамақтану үзілісі, 8-сыныптарда «Сыйластық бастаулары» тренингі өткізілді.
Оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауына бағытталған ашық есік күні
Оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауына бағытталған ашық есік күнінде М.Өтемісов атындағы БҚМУ мамандары мен студенттері қатысуымен 11 сыныптарда "Менің таңдауым" интерактивті тренинг, 9 сыныптарда түрлі маман иелерінің(9 сынып ата-аналары) қатысуымен "Кейіпкерге 100 сұрақ" кездесу сағаттары, бастауыш сыныптарда "Professions", "Дәрігер-ең құрметті мамандық", "Мен не үйрендім?" сабақтары ата-аналардың қатысуымен өткізілді.
"Тариx сыр шертеді"
"Тариx сыр шертеді" деп аталатын ашық есік күндерінің 2-ші күнінде "Ұлы даланың 7 қыры" оқушылар конференциясы, "Тариxи мұражайлар не үшін қажет?" танымдық сағаты, "Халық композиторлары және кәсіби композиторлар", "Менің ауылым-менің қалам", "Күлдір-күлдір кісінетіп" сабақтары ата-аналардың оқушылармен бірге қатысуында өтті.
"Бала болашағы-ортақ іс"
2018 жылы 10-14 желтоқсан күндері аралығында "Бала болашағы-ортақ іс" тақырыбында өтетін ата-аналармен бірлескен шаралар жоспары бойынша ашық есік күндерінің алғашқы күні "Денсаулық-зор байлық" тақырыбына арналды.