- Білім заңының 49 –бабын негізге ала отырып, баланың оқу орындағы сабаққа қамтамасыз етуге, себепсіз сабақ қалдырмауына жауапты.
- Мектеп тәртібіне сай баланы мектеп формасын сақтауына ата – ана қамтамасыз етеді.
- Мектеп ережесінде айтылған бағалы заттарды әкелуге тыйым салынады.Ұялы телефонды сабақ үстінде қолдануға тыйым салынады.
- Білім беру заңының 6 тарау 48 бабына сүйене отырып, кешкі мезгілде сағат 10 00 – ден кейін ата – ананың қатысынсыз оқушыларға көшеде жүруіне тыйым салынады.
- Ата-ана баласының сабағына қатысуы тиіс.
- Оқушы сабақтан кешіккен жағдайда екі ескертуден кейін ата-анасы шақырылып, мектеп ережесіне бағынбағаны үшін шара қолданылады.
- Жалпыға бірдей білім беру заңының орындалуы қатаң сақталады. Ата-ана баласын себепсіз сабақтан қалдырмауы тиіс.Сабақтан қалған жағдайда ата-ана тікелей баласының іс-әрекеті үшін жауап береді.
- Ата-аналарға қойылған талапты орндауға және қабылданған қаулыны бұзбауға міндетті.
- Баласы мектептің мүлкін бүлдірген жағдайда ата-ана баласының әрекеті үшін жауап береді.
- Сынып жетекшімен үнемі байланыста болып, көмек көрсету, шақырған уақытында келу, қоғамдық жұмыстарға, оқу-тәрбие үрдісіндегі шараларға қатысуға тиіс.
- Әр тоқсан сайын өткізілетін оқушының білім деңгейіне қатысты педагогикалық кеңесте қабылданған қаулыны ата-ана бұзбауы тиіс.
АТА –АНАЛАР МІНДЕТІ