Тұңғыш президент күні
1желтоқсан – тұңғыш Президент күніне орай 7б, 9а сыныптарының біріккен шаңырағында «Елін сүйген елбасы» атты шаңырақ сағаты өткізілді.
Тәуелсіздік күні
М.Б.Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебінде ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай 5-15 желтоқсан күндері аралығында оқушыларға желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, Тәуелсіздікке жету жолына талай боздақтарымыздан айырылғанымыз жөнінде оқушыларға жете ұғындыру мақсатында онкүндік шара ұйымдастырылды.
«Ұстазым, сізге мың алғыс!!!»
1 қазан – Қариялар күні және қазан айының алғашқы жексенбісі – ұстаздар күні. Осы мерекелер қарсаңында мектебімізде «Ұстазым, сізге мың алғыс!!!» атты мерекелік шара өткізілді. Барлық сыныптар ұстаздарына арнап, жаргазеттер дайындап, 10-11 сынып оқушылары ұстаздарының қызметімен алмасып, сабақтар өткізді. Мектеп ұстаздарынан құрылған 12 сынып оқушыларына музыка және дене шынықтыру сабақтары өткізілді. Соңы ардагер ұстаздарымыздың қатысуымен өткізілген мерекелік кешке ұласты. Шараға Ғалия Хайдарқызы, Кенже Актайқызы, Айжан Шамахқызы,Бақтылы Бақтығалиқызы, Назигүл Құлмырзақызы сынды ардагер ұстаздарымыз қатысты. Кеш барысында түрлі ойындар ойнатылып, қызықты сұрақтарға жауаптар алынып, ұжымға жаңадан қосылып жатқан ұстаздарға ант қабылдау рәсімі өткізілді. Ардагер ұстаздарымызға мектеп ұжымы атынан сыйлықтар тапсырылды.
«Қош келдің, алтын күз!»
«Қош келдің, алтын күз!» атты 1-10 сыныптар аралығында мектепішілік шаралар өткізілді. 1-7 сыныптар аралығында «Күзгі сый» макеттер мен мүсіндер жасалса, 8-10 сыныптар аралығында мерекелік кеш өткізілді. Кеш барысында «Күз ханзадасы мен ханшайымы» анықталып, түрлі ойындар ойнатылып, өнер көрсетілді.
Тілдер апталығы
М.Б.Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебінде 18-22 қыркүйек күндері «Тілдер достығы-халық бірлігінде» атты қазақ, орыс, ағылшын тілі пән бірлестік мұғалімдерінің ұйымдастыруымен апталық өтті.
Мақсаты: Оқушылардың бойына тілдің рухани құндылығын ұғындыра отырып, ана тілдің қадір –қасиетін, ұлтаралық қатынас тілі мен халықаралық тілді меңгертудегі тілдік мәдени құзіреттілікті қалыптастыру.
Білім күніне арналған «Сәлем саған, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты жиын өтті
2017 жылдың 2 қыркүйек күні мектепте 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен 1 қыркүйек- Білім күніне арналған «Сәлем саған, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты жиын өтті. Мектеп 588 оқушымен 2017-2018 оқу жылын бастады. Жиынға БҚО әкімінің орынбасары Қонысбаева Бибігүл Тишанқызы, Облыстық Білім басқармасы кадр бөлімінің меңгерушісі Абдрахманова Жанна Нагимовна қатысты.